«Жанұяда зорлық- зомбылық болмасын» » Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2023

«Жанұяда зорлық- зомбылық болмасын»

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі  » ММ

 «Қорғас орта метебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ


Анықтама

2022-2023 оқу жылының педагог– психологтын «Құқық бұзушылық және зорлық- зомбылықтын алдын алу» жұмыс жоспарына сәйкес 5-11 сынып білім алушылары мен «Жанұяда зорлық- зомбылық болмасын» семинар- тренинг ұйымдастырылды.


Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылықтың кері әсерлерін түсіндіру. Ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орната білуге үйрету.  Оқушыларға зардап шеккен жағдайда психологиялық тұрғыдан күресе білуге тәрбиелеу.

Семинар- тренинг барысында білім алушыларға отбасы- шағын мемлекет ұғымын айқындап өттік. 

       Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмысты тудырады.Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдыры бұзылатыны белгілі ақпарат. Бірақ білім алушыларға осындай жағдайдан қалай аман шығу туралы түсіндірме жұмыс жүргізілді.

Білім алушылар мен ата-аналарға семинар- тренинг соңыдна келесі кеңестер берілді:


Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет! Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істері арыз берілмей-ақ қозғалады.

Егер қандай да бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына, достарына, жақсы таныс көршілерге, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.

Ата-аналарға кеңес!

1. Өз балаңды құрметте, баланың еркінен тыс бірнәрсе жасауға мәжбүрлеме және басқаларға да жол берме!

2.  Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлаңыз.

3.  Егер балаңыз сіздің күйеуіңіздің оған теріс пиғылы жөнінде айтса, оның сөзіне құлақ салыңыз, күйеуіңізбен сөйлесіңіз, баланы онымен бірге жалғыз қалдырмаңыз, ал егер олардың арасындағы қарым-қатынастар өте тереңге кетсе, ол адамнан айырылысыңыз, балаңыздың бақытынан қымбат нәрсе жоқ.

4. Жыныстық өмірге қатысты балаңызды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, сондай –ақ сақтану  жөнін де онымен әкесі сөйлесіп, түсіндіруі қажет.

5. Қызға қарама-қарсы жыныстағылармен өзін қалай ұстау жөнінде анасы түсіндіруі қажет.

6.  Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оғаш қылық байқасаңыз, оны мазалап жүрген мәселе жөнінде сөйлесіңіз. Ал ер баламен анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескені дұрыс.


Похожие публикации: