Джаменкенов Азамат Калиевич » Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2023

Джаменкенов Азамат Калиевич

                                   Джаменкенов Азамат Калиевич, 1989 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі –          жоғары. Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 2006 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің география мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2010 жылы бітірген.

             2012 жылы Қорғас орта мектебіне география пәні мұғалімі ретінде еңбек жолын бастаған. Сонымен қатар 2012 – 2014 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі лауазымдық қызметін атқарды. Толыққанды зиялы азамат болып қалыптасу білімге деген ізденістің арқасында жүзеге асатыны анық. Осындай жаңалыққа құлшыныс, үздіксіз ізденіс арқасында 2020 жылдың 09 қарашасынан Қорғас орта мектебінің директоры қызметін атқарып жатыр.

            2022 жылы «Ғылыми – жаратылыстану сауаттылығы құзыреттіліктерін қалыптастыру тапсырмалар жинағын» жарыққа шығарып, алғыс хатпен марапатталды.

          Қазіргі таңда Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Қорғас ауылы, «Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарады.