Қайырымдылық сабақтары: Қайырымдылық асыл қасиет » Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2021

Қайырымдылық сабақтары: Қайырымдылық асыл қасиет

Қайырымдылық сабақтары: Қайырымдылық асыл қасиет

Адамда жақсы қасиет болмаса,

оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Жүсіп Баласағұн


Адам баласының ең басты құндылығы – өмір. Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істермен бағаланады. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өйткені оның бойында ізгілік, адамгершілік, адамға жақсылық жасау, жігер, талап , қайрат, өнер және болашаққа деген деген жарқын сенім мол болады. Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді.Ой – өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады, парасаты мен пайымы үндес келеді. Ондай адамдарға әдеп – инабат, салиқалылық пен мейірімділік және тағы толып жатқан кісілік келбетті көрсететін қасиеттер тән болады.

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата - ана үлгісі

Ыбырай Алтынсарин

Жас ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беру – бұл ізгілікті іс тал бесіктен бастау алады. Балаға өмірді ата – анасы береді. Ата – ананың борышы балаларының тек табиғи қажеттіліктерін орындаудан ғана емес, дұрыс өмір сүруге бағыт бағдар беруге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне бейімдеуден тұрады. Бала өмірге келген сәттен бастап, ата – анасының махаббатына бөленеді, сыртқы ортаға қызығушылығы болады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» - дегендей баланың адамдармен қарым – қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым қатынастардың куәсі болуы керек. Себебі бала негізігі өнегені, мейірімді, жылулықты ата – анасынан алады.
Ал біздің мақсатымыз осы мейірім мен жылулықты оқушы бойында сақтап, одан әрі жетілдіріп және ой – өрісі кең парасатты, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Мінез – құлық пен іс – әрәкеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, имандылық, ар – ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, меірімділік, әділдік пен қанағатшылдық, рахымдылық, жомарттық, ақкөңілділік, жауаптылық, шыншылдық, сөзге беріктік – деген анықтама берілген.
Адамгершілік – парыз, үлкендерді сыйла, үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай әрекет жасама тағы да басқа моральдық ережелер жаман әдеттен сақтайтын таза ұлы қасиеттер, атадан балаға мирас болып сақталған қазақ халқының моральдық этикасы деп айтуға болады.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адам тумасында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін жағдайлар бар. Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамдармен қарым – қатынасынан байқалады. Адамгершілік қасиеттер адамның бойдағы күш - жігерін, қуатын, сенімін, жан – жылуын арттыра түседі. Мұндай адамдар әрдайым жақсылық істеуге, айналасындағыларға көмек беруге, бар білгенін үйретуге дайын тұрады. Өзінен кейінгілерге үлгі бола біледі.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.
Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
Міне осындай адамгершілік қағидаларын ұстана отырып, болашақ ұрпаққа, сонымен қатар мектеп оқушыларына білім берумен бірге тәлім – тәрбие беріп, Өмір деген ұлы арнада жақсы, мәнді мағыналы өмір сүру дағдысын үйрете білген ұстаз – нағыз ұстаз!




[/center]