Буллинг, кибербуллинг алдын алу » Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
январь
2023

Буллинг, кибербуллинг алдын алу

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» ММ

 «Қорғас орта метебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ


 Анықтама

2022-2023 оқу жылының педагог– психологтын «Буллинг, кибербуллинг алдын алу», «Жағымсыз сайттарға кіруді бақылау» жоспары бойынша жұмыстар жүргізүлуде.

 Мақсаты: Білім алушылағдың сәтті дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, физикалық, психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау.

Бүгінгі күнде жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі ғаламтордың және  әлеуметтік мессенджерлердің маңыздылығын ескере отырып, психологиялық қолайсыздық туы мүмкін екенің ұмытпаған жөн.  

Осы ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп психологтың ұйымдастыруы бойынша «Ақпараттық қауіпсіздік және мәдениеттілік» 5-11 сынып білім алушылардың ата- аналарына кеңес беру жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында , ғаламтордың заманауи тұлғаның өмірінде маңызы зор екенің ескеріп, ата- аналарға келесі кеңес берілді:

  • Балаларыңыздың «әлемдік тордағы» іс-әрекеттеріне мұқият қараңыз;
  • Баланы инетернеттің мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері туралы ақпарат туралы үнемі айтып отырыңыз;
  • Балаңыздың желіде болуды бақылауда ыңғайлы нысанды таңдаңыз;
  • Үнемі балаңыздың қандай ресурстарды пайдаланатынын бақылаңыз.

5-11 сынып білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,  «Жасөспірімдердің арасындағы буллинг, кибербуллинг, психикалық денсаулық, ментальді денсаулық, репродуктивті денсаулық» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Жұмыс барысында білім алушыларға «Буллинг», «Кибербууллинг» терминдеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Әңгіме барысында әлеуметтік желілерде кездесетін жалған ақпаратты жүктеп, таратуға, кемсітушілікті дәлелдеуге, жеке адамның құқықтарына қысым көрсетуіне ерекше назар аударылды. 

Сонымен қатар, жағымсыз сайттарға кіруге, тіркелуге және т.б. іс- әркеттер жасауға тиым салынған туралы ескертулер айтылды.    

Жасөспірімдермен   «Чучело» кинофильмінен қысқаша бейне үзінділері көрсетіліп, талдау жұмысы жүргізілді. 

                     Педагог- психолог: Д.А.Ахметова

Похожие публикации: